Домой Қоғам Астана Оқу орындарының түлектерін ақылы жастар практикасына қатысуға шақырады

Оқу орындарының түлектерін ақылы жастар практикасына қатысуға шақырады

Оқу орындарының түлектерін ақылы жастар практикасына қатысуға шақырады

Оқу орындарының түлектерін ақылы жастар практикасына қатысуға шақырадыЖастар практикасы оқыған мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде және жеке меншікті ұйымдарда алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 486 жас маманды жастар тәжірибесіне жіберді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бүгінде, олардын 335-і алғашқы тәжірибелерін алып, 182-і тұрақты жұмысқа қабылданды.

Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектеріне оқыған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға бағытталған. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Бүгінде оның мөлшері айына 53 800 теңгені құрайды.

Айта кетейік, жұмыс орындарының саны шектелмеген, бұл уақытша ғана жасалып отыр. Бұл ретте соңғы үш жылда жұмыссыздар ретінде тіркелген түлектердің жасы 29-дан аспауы керек. Жас маманның Астанада тұрақты тіркеуі, жеке куәлігі мен дипломы болуы керек.

Жұмыссыз азаматты жұмысқа қабылдау туралы шешім шығарылған жағдайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онымен жеке еңбек келісімшартын жасайды. Жастар практикасының ұзақтығы – 6 айдан аспайды.

Толық ақпарат алу үшін Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына мына мекен жай бойынша хабарласу керек: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 25, «Өркен» ІО. Анықтама телефондары: 57-86-47, 57-85-42, 26-65-18.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here