
1 қыркүйекте Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Білім және ғылым министірі Ерлан Сағадиев Астана қаласының Республикалық физика- математика мектебіне барып қайтты.
Айта кеткен жөн, бұл мектептің білім беру жүйесінде тек физика және математика пәндеріне ғана емес, компьютерді терең игеруге де ерекше екпін жасалады. Елімізде алғаш рет физика-математика мектебі 1972 жылы Алматы қаласында ашылған болатын. Мұндағы білім беру жүйесі Мәскеу, Новосібір, Минск, Нью-Йорк сынды әлемнің ірі шаһарларындағы мектептердің оқу моделі бойынша құрылған. Танымал ғалымдар мен беделді саясаткерлердің көбі осы білім ордаларын бітірген. Енді елордалық балалар да осы беделді мектеп қабырғасында білім алады. 1 қыркүйек күні 900-ге ге жуық оқушымен бірге мектепке ел Премьер-министрі Кәрім Мәсімов те келді. Үкімет басшысы жаңа білім ордасының оқу бағдарламасымен танысып, ғимараттың қалай жабдықталғанын көрді.