Талдықорған қаласындағы көп пәтерлі үйлердің бірінің қабырғасында қылқалам өнері арқылы Қазақ батырларының бейнеленген суретінің ашылу салтанаты өтті. Шаранының өтуіне Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы мұрындық болды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған осынау шараның мақсаты жастар мен қала тұрғындарына қазақ хандығының құрылу тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тарту, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады. Фестиваль соңы концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.