Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында қазақстандық біртектілікті, қоғамдық келісім мен бірлікті жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында құрылған «Оңтүстік — достық мекені!» кездесулер керуені жолға шықты, деп жазады «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жолға шыққан жұмыс тобының алғашқы кездесулері Сарыағаш ауданында өтеді.
Ақпараттық-насихаттық топ 21 қыркүйекке дейін облысымыздың барлық аудан, қалаларында 60-тан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.