Домой Қоғам Алматы Жетісудың жетістігі баспасөз брифингінің тақырыбына арқау болды

Жетісудың жетістігі баспасөз брифингінің тақырыбына арқау болды

Жетісудың жетістігі баспасөз брифингінің тақырыбына арқау болды

Жетісудың жетістігі баспасөз брифингінің тақырыбына арқау болдыАлматы облысы индустриаландыруға бағыт алып, бүгінде аграрлық өңірден аграрлы – индустриалды өңірге бет бұрды. Сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында көптеген игі істер қолға алынуда, — деп атап өтті Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев.

Б. Өнербаев:

— Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында да көп жұмыстар атқарылғанын айта кету аса маңызды.

Облысымыздағы Панфилов ауданындағы  Құрғақ порттың құрылысы осы салада айрықша мәртебелі болып саналады. Мемлекет басшысының осынау ерекше трансұлттық жобасы елімізді тұтастай алғанда және Алматы облысының барлық экономикалық әлеуетін дамытуға жол ашады. Сонымен бірге Қазақстанға Орталық Азиядағы аса ірі көліктік-логистикалық хаб атануға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған аса ауқымды жобаны Тәуелсіздігіміздің өте маңызды жетістігі және оның жүзеге асырылуы Мемлекет басшысының стратегиялық көрегендігі арқасында мүмкін болды дегенді сеніммен айта аламыз».

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе Алматы облысы әкімінің орынбасары 9 — 11 қыркүйекке жоспарланған Алматы облысының Астанадағы күндері бағдарламасында қала тұрғындары мен қонақтарының Алматы облысының ерекшеліктерімен, өңірдің ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік  салаларында қол жеткізген жетістіктерімен танысуларына, сондай-ақ «Жер жәннаты» атанған Жетісу өлкесінің тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен және өнер ұжымдарының шығармашылығымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болатындығын хабарлап өтті.

Сіздер түрлі көрмелерді аралау және спектакльдерді тамашалау арқылы біздің өлкенің тарихы, мәдениеті және әдебиетімен жан-жақты танысасыздар. Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптегі жетістіктерге көз жеткізіп, кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесінде болып, біздің өнімдердің дәмін тата аласыздар. Шалалар Конгресс-хол мен Жастар театрына, Ұлттық музей мен Ұлттық кітапханада өтеді, ал жәрмеңке Оқушылар сарайын жанында ұйымдастырылады, — деп сөзін қорытындылады.

Баспасөз конференциясының соңында БАҚ өкілдері өңірді дамытуға бағытталған, сонымен қатар Алматы облысының Астанадағы күндеріне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға тұщымды жауап алғандығын атап өткен жөн.

Брифингіге Алматы облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Бекішов Сексембай, Алматы облысының кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Маржан, Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларының басшысы Әбдуәлиев Ақан, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит қатысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here