Астанада «Дос» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігі жанындағы шығармашылық шеберханасы үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы күнге дейін мұнда 150 адам білім алған. Бүгінде «Шығармашылық үйіне» мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, үй шаруасындағы әйелдер де, студенттер де, егде жастағы астаналықтар да барып жүр, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шеберханада сәндік қолданбалы өнер шығармашылығынан тегін сабақтар өткізіледі, онда бисер тоқуды, тігуді, түрлі бұйымдар жасауды үйренуге болады. Ерлер шағын көркемдік графика, ағашқа ою-өрнектер жасау сабақтарына қатысады. Сонымен қатар, келушілер қыш құмыра жасау сабақтарына қатысады. Мұнда табиғи және полимер саздан қыш және керамикалық бұйымдар жасалады.
Әрбір топ 20 адамнан тұрады, білікті мамандардың сабақтары кесте бойынша өтеді. Оқыту курстарынан басқа, барлық келушілерге тренингтер, ойындар мен семинар сабақтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жұмысқа орналастыру, білім және құжаттама мәселелері бойынша кеңестер беріледі.
Бір топ екі ай бойы оқиды. «Шығармашылық үйі» адамдарды алдын ала жинап, олардың машықтары мен ниеттерін білу үшін аудиторияда сауалнама жүргізеді. Курс соңында сертификаттар табысталады. Кейбіреулері басқа топтармен оқуларын жалғастырады.
Жыл өткен сайын оқуға деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты шеберханалардың ауданын ұлғайту көзделген.
Қазіргі кезде «Шығармашылық үйінде» екінші топ оқып жатыр, 1 қарашада үшінші топтың курсы басталады. Оқуға ниет білдірген жандар Астана қаласы Ш. Айманов к-сі, 6/1 мекен жайына келуге тиіс.