15 қыркүйекте сағат 19.00 М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрында 116-шы маусымның шымылдығы ашылады, деп жазады қалалық әкімлдіктің баспасөз қызметі. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына американдық комедиограф Кен Людвигтің «Примадонны» комедиясы ұсынылады. Қоюшы режиссер – ҚР еңбек сіңірген әртісі – Бекпулат Парманов. Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов.
Жаңа маусымның ашылуында театр ұжымы өз көрермендерін жаңа қойылымдармен қуантып үлгерді. 9 қыркүйекте М. Горький атындағы МОДТ театрдың шығармашылық ұжымы мен ҚР Италия елшілігінің «Быть Леонадро да Винчи: невозможное интервью» бірлескен жобасының тұсаукесері өтті. Итальяндық актер Массимильяно Финадзер Флори және театр актері Максим Ященко танымал суретші әрі философтың өмірі жайлы сұхбат түрінде жеткізді.
Өткен жексенбіде театр ұжымы ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Белая Вежа» халықаралық театр фестивалі аясында Брест театрының сахнасында (Беларусь Республика) «Язычники» (авт..А.Яблонская, реж.:Й.Вайткус) қойылымын көрсетті. Еуропалық сыншылар елордалық театрдың қойылымына жоғары баға берсе, Мәскеу, Литва, Польша, Минсктің жетекші театрларының сарапшылары спектакльде қолданылған жарық пен дыбысты ерекше атап өтті, театр фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.
15 қыркүйекте әртістер көрермендер назарына К.Людвигтің «Примадонны» комедиясын ұсынады, спектакльдің тұсаукесері биыл наурыз айында өткен болатын.