Домой Қоғам ОҚО Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту

Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту

Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту

logotip_proekta_zanyatost_na_sele_0Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысына арналған селекторлық мәжілісте облыс әкімі аудандар мен қалаларда кәсіпкерлік пен кооперацияларды жаппай дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Осыған орай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы қолға алынып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өңдеу кәсіпорындарының желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын», — деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, көрші облыстарда сүт өнімдеріне деген сұраныстың жоғары екенін айтқан облыс әкімі аталған өңірлермен әріптестік байланыс орнатуды жүктеді.

Мәжілісті қорытындылаған Б.Атамқұлов алға қойған міндеттердің барлығы тұрғындарды жұмыспен қамту екендігін қадап айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here