Қазақстандық кеме моделін жасаушы оқушы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Қарағандылық кеме жасаушылар Ресейде өткен әлем чемпионатында 5 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Кеме моделін жасау спортының «С» сыныбында көшірме модельдер жасаудан әлем чемпионаты Калининград қаласындағы дүниежүзілік мұхит мұражайында өтті. Кеме моделін жасау спортының халықаралық федерациясы (штаб-пәтері Австрияда орналасқан) модел көшірмелерін жасаудан 8 техникалық сынып бойынша жарыс өткізді (кеменің көлемін 40-200 сантиметрге дейін нақты көшіру). Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, чемпионатқа Франции, Германия, Швейцария, Қытай, Ресей, Украина, Қазақстан секілді жиыны 15 елден 200-ден астам кеме моделін жасаушы қатысты.
«Қазақстаннан 6 спортшы қатысты, олардың барлығы Қарағанды техникалық спорт түрлері мектебінің оқушылары. Ел құрамасы 5 медаль алды, оның бірі алтын, бірі күміс, қалған үшеуі қола, — деп хабарлайды спорт басқармасы. — С-6 сыныбы бойынша чемпионатта (қозғалтқыштары бар модельдер) қарағандылық Руслан Брунер жеңімпаз атанды. Екінші орында С-7 сыныбы бойынша (картон және қағаздан жасалған модельдер) Максим Штульберг . Қола жүлдені Алексей Шуваров (миниатюра 250:1), Алексей Смирнов (С-6) және Александр Скорюпин (С-7) алды».
Барлық жеңімпаздар ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері жүктемелерін орындады. Оларды Сергей Оконечников жаттықтырады.