Астанада «25 ізгі іс» кең ауқымды іс-шарасы жалғасып жатыр. «Меркурий и К» ЖШС құрылыс нысанында (Жағалау) тұрғындар профилактикалық тексеруден өткізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шара барысында 100-ге жуық адам тегін тексеруден өтіп, терапевт, онколог, окулист, ЛОР-дәрігері, гинеколог, УДЗ-маманы және фтизиатр мамандарынан консультациялар алды.
Құрылыс нысанының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарға қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін анықтайтын экспресс-диагностиканы пайдалана отырып, консультативтік-диагностикалық қызметтер ұсынылды, флюорографиялық тексеру жүргізілді.
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы «25 ізгі іс» акциясын халықты сауықтыру және аурулардың алдын алу үшін ұйымдастырып отыр.
Сонымен қатар, қалалық емханаларда зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған ашық есік күндері өткізіледі.