Домой Жаңалықтар Әлем Торонтода Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Торонтода Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Торонтода Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

thumb_700x394_ba31d3aac0692106a1e5f1e9b4f2e2b1Торонтодағы 40-шы рет өткен халықаралық кинофестивальде қазақстандық режиссер «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы өтті.

Осынау драманың көрсетілімі Contemporary world cinema бағдарламасының аясында көрсетілді. Шет елдік Variety, Hollywood reporter, Le Screen, Screen today сияқты ірі киножурналдар қазақстандық туындыға рецензия жарияласа, ал кейбірі тіпті «Жат» лентасының постерін журналдың алдыңғы бетіне шығарды.

Естеріңізге салсақ, «Жат» фильмі — Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық кинотуынды. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруге кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен. Фильмінің сценариін Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысына арнап жазған көрінеді. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Торонто фестивальге қатысуға 60 елден келген 300-ден аса фильмнің өтініші келіп түскен. Осынау фестивальдің ашылуында режиссер Жан-Марк Валленің «Ойран» драмасының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар, Джонни Депптің атышулы «Черная месса» фильмі көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Торонтодағы халықаралық кинофестиваль — әлемнің ең ірі фестивальдерінің бірі, ол Канадада 1976 жылдан бері өтіп келеді. Осынау байқаудың өзіндік ерекшеліктері де бар. Байқауда ресми қазылар алқасы болмайды әрі жеңімпазды көрермендер дауыс беру арқылы анықтайды.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here