Домой Қоғам ОҚО Ордабасыда 71 жаңа жұмыс орны құрылды

Ордабасыда 71 жаңа жұмыс орны құрылды

Ордабасыда 71 жаңа жұмыс орны құрылды

13900283_517420958467945_1777168881328959880_n_0Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 1590 азамат өтініш білдірді, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осылардың ішінде 70 азамат бағдарламаның 1 бағыты — «Инфрақұрылымды және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен уақытша жұмыспен қамтылғандар. Бағдарламаның ІІ бағыты — «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» аясында жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне — 30 азамат оқытылып, осы бағыт шеңберінде 87 адамға 240,6 млн. теңге шағын несие берілді. Нәтижесінде  71 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ал бағдарламаның ІІІ бағыты шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 1206 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі таңға жолданғаны 912 азамат, яғни жоспар 75,6 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша 156 адам 28 мекемеге жолданды. Ал 127 жас маман Жастар практикасына тартылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here