Қазақстан Президентіне Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына қамқорлығы үшін Елбасыға алғыстарын айтты.
300 адам сиятын медициналық мекеме стационарлық, стационарды алмастыратын және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Көпсалалы аурухана жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған.
http://www.akorda.kz/