Домой Жаңалықтар Қоғам Көкшетауда Ақан серінің туысы Науан Хазіреттің құрметіне мешіт ашылды

Көкшетауда Ақан серінің туысы Науан Хазіреттің құрметіне мешіт ашылды

Көкшетауда Ақан серінің туысы Науан Хазіреттің құрметіне мешіт ашылды

13fa1b26ec02bc1774e7cc781b5dad84«Ұлы дала елі» экспедициясының мүшелері Көкше өңірінің тарихын жіті зерттеу үшін өлкені аралап жүріп, жергілікті халықпен танысты. Олар тұрғындар мен имамдардың шақыруымен Науан Хазірет атындағы мешіттің ашылуына арналған тойдың қонағы болып қайтты.

Көкшетау қаласының төрінде қасиетті Көкше жерінің тумасы, ағартушы Науан Хазіреттің құрметіне мешіт ашылды.

«Көкше өлкесінде, солтүстік Теріскей өңірлерде Науан Хазіреттің есімі кеңінен танымал. Ол ағартушы, мұсылмандықтың шапағатын жаюға бүкіл өмірін арнаған қайраткер. Наурызбай Таласұлы оқымысты, ғұлама болғандықтан халық арасында Науан Хазірет деп аталып кеткен. Ол туралы мәліметтер Ақан серінің кейбір шығармаларында кездеседі. Науан Хазірет пен Ақан серінің бажа болғандығы белгілі», — деп мәлімдеді Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәнібек.

Мәліметке сәйкес, Наурызбай Таласұлы 1843 жылы Жылкелді ауылында, қазіргі Ақмола облысы Баратай ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан Талас Құттымбетұлының отбасында дүниеге келген. Хазірет екі рет некелі болған. Алғаш қарауыл Тінәлі қажының үлкен қызы Бәтимаға үйленген, бірақ ол жастай дүние салған. Ал Тінәлінің екінші қызы Үрқияға Ақан сері үйленген, деген мәлімет бар.

«Науан Хазрет имам болған, Бұхарада 12 жыл оқып келген. Елімізде имам болмай, халқымызды орыстандыру, христиандандыру, басқа дінге кіргізу деген саясат жүргізілді. Соған қарама-қарсы тойтарыс беретін ешкім де болмады. Сол кезде зиялы адамдар, имамдар да қамауға алынып жатты. Науан Бұхарадан елге келіп, бүкіл елді аралағанда барлық үйлерден христиандардың кітапшалары табылды. Ол соның барлығын жоюға әрекет қылып, жалпы бұл үрдіске қарсы шықты. Осы себептен бірнеше жыл қудалауда болды», — деді Бұлақ ауылдық округі мешітінің имамы Ербол Сейітжанов.

Осындай ұлы тұлғаның құрметіне мешіттің ашылуына халық көп жиналды. Бұл атаулы шараға еліміздің бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, мұсылман қауымын осындай игі іспен құттықтады. Мешіттің ашылуына орай Көкшетау маңындағы Қызылжар елді мекенінде үлкен бәйге ұйымдастырылып, ат құлағында ойнаған шабандоздар жарысқа түсті. Ақан серінінің «Құлагеріндей» самал желмен жарыса шапқан сәйгүліктер жиналған халықтың делебесін қоздырды. Жеңімпаздарға түйе, ақ бас бұқа мен жылқы тарту етілді. Бәйгемен қатар, бір жақта балуандар қазақша күрестен күш сынасып жатса, екінші жерде жілік шағу ойыны өткізілді. Тойға бүркіттер, алабай мен тазы тұқымдас иттер ерекше сән берді. Тойға арналып 40 киіз үй тігіліп, ас берілді. Экспедиция мүшелері ұлы тойға өз үлесін қосу үшін дайындық барасында бір киіз үй тұрғызды.

Айта кетейік, «Ұлы дала елі» өкілдері осы мекенге дейін жолдың алғашқы мың шақырымын жүріп өтті.

bnews.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here