Домой Қоғам Алматы Көксу қант зауытына биылғы жылдың алғашқы өнімі жеткізілді

Көксу қант зауытына биылғы жылдың алғашқы өнімі жеткізілді

Көксу қант зауытына биылғы жылдың алғашқы өнімі жеткізілді

afac4488e696b69155765eef0a85f313Бүгін Көксу қант зауытына биылғы жылғы қант қызылшасының алғашқы легі жеткізілді. Шаруаларды Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров осы жылдың алғашқы өнімін жинауларымен құттықтады.

Көксу қант зауытына бүгін алғашқы 200 тонна қант қызылшасын жеткізген Сарқан ауданындағы «Мадияр» шаруа қожалығы болды. Бұл қожалық ағымдағы жылы 200 гектар аумаққа қант қызылшасын еккен. Орташа өнімділігі гектарынан 500 – 550 центнерді құрады. Жалпы диқандар қызылша алқабынан 8 мың тонна тәтті түбір жинауды жоспарлауда, ал бүгінгі зауытқа жеткізгені соның тек бір бөлігі ғана.

Көксу қант зауытының құрылтайшысы Нұрлан Тлеубаев пен осында жиналған қонақтар зауытқа өнімнің алғашқы легінің жеткізілуіне байланысты қалыптасқан дәстүр бойынша салтанатты түрде зауыттың  қызыл лентасын қиды. Осылайша, қант қызылшасын өңдеуге ресми түрде рұқсат берілді. Ендігі кезекте зауытқа өңірдің қант қызылшасын өсіруге бағытталған барлық аудандарынан біртіндеп қант қызылшасы келе бастайды.

2015 жылы қант қызылшасының алқабы 4080 гектар болса, биылғы жылы қант қызылшасының алқабы 6,8 мың гектарға жетті. Жоспар бойынша қайта өндеуге тәтті түбірдің 242 мың тоннасының өткізілуі күтілуде. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысының Алматы облысына қант қызылшасын өсіруші аймақ атағын қайтару туралы тапсырмасын орындауға бағытталған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here