Өңірдің халық қалаулыларымен болған кездесуде өңір басшысы осылай деді.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың барысын баяндау кезінде аймақтағы 10 денсаулық сақтау нысанынының құрылысы жүргізілсе, 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқаны айтылды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. «Облысымызда әлемдік медицинадағы озық технологиялар пайдаланылуда. Балалар қан тамыр хирургиясын дамыту қолға алынды. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлініп отыр. Есепті кезеңде нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 13, қан айналымы аурулары 15, туберкулез 24, онкопатология 2 пайызға төмендеді», — деді аймақ басшысы.