ОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген адамдардың басым көпшілігі екінші деңгейлі банктерге кепілдікке қойылған баспаналарын қайта қаржыландыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ тұрғындарының мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары қайта қаржыландыру жұмыстарын түсіндіре отырып, алдағы уақытта комиссия отырысында қаралатындығын жеткізді.
Қайта қаржыландыру жайынан бөлек, мұнда әлеуметтік және тұрғын үй алу жайы да айтылды. Өз кезінде Е.Садыр көтерілген өтініш-тілектердің орындалуы бойынша тиісті басқарма мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға 15 азамат келіп, өздерінің өтініш-тілектерін жеткізе алды.