Домой Қоғам Алматы «Жүрегі жырдан жаралған» байқауы өтті

«Жүрегі жырдан жаралған» байқауы өтті

«Жүрегі жырдан жаралған» байқауы өтті

c5b0c01d4fd933609faa596e92bbc765Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі аясында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Тұманбай Молдағалиевтің поэзиясын ардақ тұту, насихаттау, жас таланаттарды таныту мақсатында «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауы тұңғыш рет өтті.

Байқаудың шымылдығын құттықтау сөзбен ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов тіл айлығы қорытындысы бойынша бірқатар азаматтарға Алматы облысы әкімінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарын тапсырды. Сондай-ақ тіл жанашырларына Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамоталары да берілді.

Осы күні Тіл басқармасының «Әдебиет порталымен» бірлесіп өткізген «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты онлайн-мүшәйраның жеңімпаздары марапатталды. «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасының жетекшісі Бауыржан Қарағызұлы  порталдың Мұқағади Мақатаев атындағы сыйлығын тапсырды.

Шара барысында Т. Молдағалиев туралы фильм көрсетілді.

«Жүрегі жырдан жаралған» республикалық байқауына Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулетов, ақын, Халықаратыл «Шабыт» жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты Бауыржан Қарағызұлы, дәстүрлі әнші, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлі, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Ахмет Кендірбекұлы қазылық етті. Өнер сайысына еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 29 жас қатысты.

Жас ақындар Т. Молдағалиевке арнаған және тәуелсіздік тақырыбындағы екі өлеңін оқыса, жас әншілер ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады.

Байқау жүлдегерлеріне облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың Дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табыс етілді. Әншілер арасында Бас жүлдені Астана қаласынан келген Әнел Смайылова иеленсе, атыраулық жас ақын Серік Қойшығұлов жас шайырлар ішінен оза шығып, Бас жүлде алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here