Домой Қоғам Астана Астанада «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

1b6bfd606f5335965b1bf2b31c6Бүгін «Жастар» театрында Еңбек күніне орай қалалық еңбек форумы өтті. Шара барысында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары — үздік еңбек әулеттері, жас мамандар мен тәлімгерлер марапатталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин баршаны елорда басшысының атынан құттықтап, қалалық форумды ашық деп жариялады.

— Мемлекеттің басты құндылығы болып табылатын еңбек адамының беделін көтеру үшін Мемлекет басшысының жарлығымен Еңбек күні бекітілді. Бұл мереке үш жылдан бері тойланып келеді. Баршаңызды осы күнмен құттықтап, денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін, әрқашан да елордамыздың дамуы мен гүлденуі үшін еңбек етейік, — деді Андрей Лукин.

Елорда әкімінің орынбасары «Еңбек жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясындағы жеңімпаздарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

— Өмірде бір мамандықты кәсіп еткен отбасылар болады, олардың бәрі де адал еңбек етеді. Мұндай әулеттер Астанада өте көп. Бұл конкурсты өткізу дәстүрге айналып, сахнаға шығатын адамдар саны арта түседі деп ойлаймын, — деді Андрей Лукин.

Аталған номинацияда Мұқашевтар әулеті үшінші, Ивановтар екінші, Буяковтар бірінші орын алды. Бұл санат бойынша жеңімпаздар бір салада 81 жылдан бері еңбек етіп келеді.

— Әкімдікке және басшылығымызға алғыс айтамыз. Біз де, балаларымыз да «Астана су арнасының» сорғы станциясында жұмыс істейміз. Осындай мереке елімізге қажет деп ойлаймын. Осылайша, адамдар еңбек әулеттері туралы көп білетін болады, жастар да жұмысшы мамандықтарды таңдайды, — дейді Наталья Буякова.

Сонымен қатар, форум барысында жас мамандардың да еңбегі еленді. Атап айтқанда, «STONE HOUSE» ЖШС маманы Ержан Сейтқожанов, «Астана су арнасы» МКК кәріз тазарту құрылыстары учаскесінің слесарі Медет Қабыкенов және «Тұлпар-Тальго» ЖШС шебері Қуаныш Мухышев марапатталды.

Жастардың тәлімгерлері де назардын тыс қалған жоқ. №5 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкері Әлфия Есмұханова, ҚазГЗУ әлеуметтік-психологиялық дисциплиналар кафедрасының аға оқытушысы Назгүл Болатбекова және 1-орын алған «Астана-РЭК» АҚ жедел шақыру қызметінің 1-санаттағы технигі Қайрат Бекмағанбетов та марапаттарға ие болды. Ол бірінші дәрежелі мамандарды дайындайды. Электроэнергетика – қауіпті өндіріс, үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан жаңадан келгендерді оқытуда қауіпсіздікке баса назар аударамын, дейді маман.

Сондай-ақ, жеңімпаздар туралы бейнероликтер көрсетіліп, музыкалық композициялар орындалды. Форумда Кәсіподақ ұйымдары мен Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы да мараптталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here