Домой Қоғам Алматы Қазақстан мен Жапония арасына алтын көпір болған жетісулық Ринатаның сурет көрмесі өтті

Қазақстан мен Жапония арасына алтын көпір болған жетісулық Ринатаның сурет көрмесі өтті

Қазақстан мен Жапония арасына алтын көпір болған жетісулық Ринатаның сурет көрмесі өтті

2І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде осы оқу ордасының түлегі Рената Евсееваны  (Измайлова) еске алуға арналған «Өмір – адамға берілген шексіз бақыт» атты үлкен іс-шара болып өтті. Оған Жапония елінен де меймандар келді. Жиналған жастар қоларбаға таңылса да, үлкен істер тындырып, өшпес із қалдырған, ақын, суретші, қолөнерші Ренатаның өмірі жайлы сыр шертетін фильмді тамашалады, деп хабарлайды Алматы облысының  өңірлік коммуникациялар қызметі.

Рената жапон халқымен тығыз байланыста болды. Айта кетейік, 2011 жылдың 11 наурыз күні Жапонияның солтүстык-шығыс жағалауында биіктігі 38,9 метр жойқын цунами болды. Магнитудасы 9,0 баллды құрайтын жер сілкінісі мен цунамидің салдарынан 28 мың адам құрбан болды, оның 13,538-і ресми түрде қайтыс болған, 14.589-ы хабарсыз кеткен.  Жапондықтар Ренатаға жапон халқын қолдауға шақыратын үндеу жариялауды сұраған болатын. «Мен сіздермен біргемін! Мен сіздерге осы қиындықтарды еңсеруде сабырлылық мен күш-қуат тілеймін. Біз біргеміз, біз мықтымыз және біз бақытты  өмір сүру үшін барлық жағдайды жасаймыз! Мен жазған әрбір жолды әр адам оқып, менің қолдауымды сезініп, мықты бола түсетіндігіне сенімдімін», — деген болатын ол үндеуінде. Сондықтан да Күншығыс елінен қонақтардың шақырылуы тегін емес. Семей қасіретін тартқан Қазақстан мен Хиросима және Нагасаки оқиғасын басынан өткерген ауыр жағдай туралы екі ел арасындағы мәдени қатынастар мен технологияларды дамыту жөніндегі ҮЕҰ Президенті, Алматы қаласындағы Ичикава жапон үйінің директоры Канки-сан Наоюки мырза да ой бөлісті.

Рената университеттің педагогика және психология факультетін тәмамдап, жоғары білікті педагог-психолог атанды. ВГТРК ресейлік телерадиокомпаниясының психологы болып қызмет атқарды. Ол кәсіби онлайн-кеңестер жүргізді. Ренатаның диплом жұмысының тақырыбы: «Ананың болашақ баласына қатынасы және сәбидің психикалық дамуы» деп аталды. Бұл жұмысты жазу барысында Рената респонденттер арасында зерттеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде өте жақсы қорғап шықты.

Ренатаның өмір жолына қарап отырып, қоғам жұмысына белсене араласуға ешқандай да мүгедектер арбасының кедергі келтірмейтіндігін  байқаймыз. Өкінішке қарай, оның ғұмыры қысқа болды. Ренатының басты арманы – онкологиялық аурумен ауыратын балаларға көмек ретінде жеке қайырымдылық көрмесін ұйымдастыру болатын.

Ренатының университет қабырғасында ұйымдастырылған картиналар көрмесінен түскен қаржының барлығы Алматы қаласындағы республикалық онкодиспансердің кішкентай пациенттеріне ойыншықтар сатып алуға жұмсалатын болады деді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, жастар бұл күні Канки-сан Наоюки мырза ұйымдастырған «Барлық әлемді ядролық қарусыздандару» акциясына қатысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here