Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында 28 қыркүйекте сағат 14.00-ден 17.00 дейін Республика даңғылы, 45 мекен жайы бойынша орналасқан «Мечта» сауда үйінде «Жүректі сақтаңыз» акциясы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шара барысында астаналықтар кардиолог дәрігерден кеңес ала алады. Сондай-ақ, мамандар қанның құрамындағы холестерин мен қант деңгейін анықтайды, қан қысымын өлшейді.
Консультация беру мен диагностика жасау тегін болады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік жүрек күні 29 қыркүйекте аталып өтіледі.