Домой Жаңалықтар Білім ЕҰУ – Қазақстан мен ТМД елдері арасында «QS TOP 50 UNDER 50» әлемдік рейтингке кірген жалғыз оқу орны

ЕҰУ – Қазақстан мен ТМД елдері арасында «QS TOP 50 UNDER 50» әлемдік рейтингке кірген жалғыз оқу орны

ЕҰУ – Қазақстан мен ТМД елдері арасында «QS TOP 50 UNDER 50» әлемдік рейтингке кірген жалғыз оқу орны

838b1cfb08c6bb6cb0aba8094f350f6cЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті құрылғанына жарты ғасырдан аспаған, әлемнің 50 үздік университеттері қатарына енді. ЕҰУ – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ЖОО арасында «QS  50 under 50» әлемдік рейтингке кірген жалғыз оқу орны. «QS  50 under 50» – беделді халықаралық рейтингтік агенттік. Оның 2016 жылғы қорытындысы 20 қыркүйекте жарияланды. Жалпы рейтингке әлемнің 100 университеттері қатысқан.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық білім беру кеңістігінде алып отырған орны кешенді тәсілдеменің жүргізілуімен байланыстырылып отыр. Мұнда білім берудің негізгі тұтынушылары – оқитындар мен жұмыс берушілердің талап-тілектері ескерілген. Түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіштері республикалық деңгейден біршама жоғары. Бұл – университет пен өнеркәсіптің жақындастыру бағдарламаларының  құрастырылып, енгізілу нәтижесі (кәсіпорындарда кафедралардың 59 филиалы жқмыс істеуде).

Еліміздің индустрялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында маман қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін магистранттар 5 мамандық бойынша дайындалады:  «Құрылыс материалдары, өнімдері мен конструкцияларды өңдеу», «Ғарыштық техника және технологиялар», «Биотехнология», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Жылу энергетика».

Ғылыми-зерттеу жұмысы бірқатар бағыт бойынша, атап айтқанда – ядролық, ғарыштық, нанотехнологиялық, биотехнологиялық, математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар мәселелерін қамтиды. Университет ғалымдарының Thomson Reuters пен  Scopus библиометриялық базалық мәліметтермен индекстелген рейтингі жоғары басылымдарда жарияланымдары  да қарқынды өсіп келеді. Университет баспасынан шығарылатын жеті ғылыми журналдардың бірі – «Eurasian Mathematical Journal» – Scopus халықаралық библиометриялық дерек қорына енген.

ЕҰУ ғалымдары мен студенттері «Аstana EXPO-2017» халықаралық көрмесінің «климаттың өзгеру үдерісі жағдайында Қазақстан ландшафттарының өнімділігі мен көлемін экологиялық бағалау», «жасыл» құрылыстың экологиялық мәселелері», «жылумен қамтамасыз етуде қуат үнемдейтін жылу насостық жүйелерін қолдану» сынды ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады.

Сондай-ақ ағылшын, қытай, түрік тілдерін меңгерген гидтер мен экскурсоводтарды дайындау орталығы ұйымдастырылған. «Аstana EXPO-2017» көрмесіне үш мыңнан астам волонтер-студенттер қатыспақ.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ өзін ғылыми-зерттеу хабы, сондай-ақ, жоғары білім беру жүйесінің академиялық көшбасшысы болу мақсаттарын қойып отыр. Бұл мақсат жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық ұжымының қажырлы еңбегі арқасында іске асырылмақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here