Домой Қоғам ОҚО Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтті

Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтті

Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтті

biznes-forumИзраиль мен Оңтүстік Қазақстан арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Осыған дейін ауыл шаруашылығы, медицина салаларында әріптестік жасасып келе жатқан қос тарап алдағы уақытта тағы бірнеше жобаны бірлесіп іске асырмақ. Бастамалар Шымкентте өткен Қазақстан-Израиль бизнес форумында талқыланды.

Израильдің Қазақстандағы елшілігі мен облыстық әкімдік өкілдері арасындағы меморондум жаңа жобаларға жол ашпақ. Сонау кеңес дәуірінен бастау алатын қос тарап ынтымақтастығының ауыл шаруашылығы, медицина, қауіпсіздік салаларын дамытуда маңызы айрықша.

Қос ел өкілдері күркетауық етін өңдеу осы ынтымақтастық аясында іске асырылған сәтті жобалардың бірі деп санайды. Биыл 10 мың тонна дайын өнім шығаруды қолға алған кәсіпорын кезінде нарықта сұранысы төмендеп кеткен құс етін өңдеп, саудаға шығарды. Қазақстанның құс етін шығарушылар қауымдастығының мәліметіне қарағанда, бүгінде елімізде құс етіне деген сұраныс жылына 350 мың тоннаны құрайды екен. Мамандар бұл тауарға қазір өзге де елдерден тапсырыс көптеп түсіп жатыр дейді. Таяу Шығыс елінен келген делегаттар енді балық етін баптауға да құлшынып отыр.

Айта кетейік, бүгінде облыста израилдіктердің қатысуымен 15 жоба іске асуда. Оның дені ауыл шарушалығы саласында. Шетелдік бизнесмендер біздегі климаттық жағдай мен инфрақұрылымның жолға қойылғанына тәнті. Енді күнгейде жасыл экономиканы дамытып, баламалы қуат көздерін көбейтсек деген ниеті бар.

Таяу Шығыстан келген бизнес өкілдері Шымкенттің қауіпсіздігін қамтамассыз етуде әріптестік жасасуға дайын. Диалог алаңында тараптар «Қауіпсіз қала» және «Ақылды қала» жобаларының тұжырымдамасын да талқылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қос тараптың денсаулық сақтау саласында бірлесіп атқарар шаралары қыруар.

Ақпарат көзі:otyrar.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here