Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысынан Алматы қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерінің керуені жолға шықты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы көлемі 320 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 106 тн көкөніс, 29 тн жеміс-жидек, 16 тн картоп, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 45 тн бақша өнімдері, 5 тн балық, 5 тн кептірілген жеміс, 27 тн қауын мен 15 тн басқа да өнімдер бар. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 125,7 млн. теңгені құрайды.
Қазан айының 1 күні Алматыда ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам оңтүстікқазақстандық тауарөндіруші қатысады деп күтілуде. Оңтүстік астанада ұсынылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының шарасында саудаланатын өнімдер базар нарқынан 15-20 пайызға арзан сатылатын болады.