Домой Жаңалықтар Білім Оңтүстікқазақстандық ұстаз республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Оңтүстікқазақстандық ұстаз республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Оңтүстікқазақстандық ұстаз республикалық байқауда жеңімпаз атанды

e29802a6-5168-492e-9edc-3cb043e041b4_0Астанада мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «2016 жылдың үздік педагогы» деп аталатын шарада Төле би ауданы №1 мектеп- гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрила Байтасова республикалық конкурс жеңімпазы болып табылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен биылғы бауқайға 5 620 үміткер қатысып, оның 48-і түрлі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Олар Мақтау қағаздарымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар, еліміздегі барлық мектептер арасында арнайы жарияланған акция қорытындысы бойынша, қаламыздағы 25 жылдық тарихы бар Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы республика деңгейінде І орынды иеленді.  Бұл орынды мектеп оқушылары мен ұстаздары «Мен өз Отанымды сүйемін!» деген аталым бойынша  патриоттық рухымен, мектепке  деген құрметімен ерекшеленген видео-нұсқа арқылы жеңіп алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here