Домой Қоғам ОҚО Оңтүстіктің туристік бизнес өкілдері халықаралық туристік көрмесінде 20-дан астам әріптестік келісімге қол жеткізді

Оңтүстіктің туристік бизнес өкілдері халықаралық туристік көрмесінде 20-дан астам әріптестік келісімге қол жеткізді

Оңтүстіктің туристік бизнес өкілдері халықаралық туристік көрмесінде 20-дан астам әріптестік келісімге қол жеткізді

img-20160929-wa0027Кеше Астана қаласында «Astana-Leisure» қазақстандық халықаралық туристік көрмесі өз жұмысын бастады. Жыл сайын өтетін көрме Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Индия, Қытай, Корея, Мальдивы сынды алыс және жақын шет елдерінің 114 туристік бизнес ұйымдарының өкілдерін біріктірді.

Көрменің жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясы Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшілігімен туристік және қонақ үй  индустриясының 15 өкілі қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Көрмеге келушілер Оңтүстік Қазақстан облысына орасан зор  қызығушылық танытуда. Бірінші күннен бастап, облыстың туристік бизнес өкілдері шетелдік және басқа облыстардағы әріптестерімен өзара ынтымақтастық туралы 20-дан астам келісімдерге қол жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here