Алматы облысында тәуелсіздік жылдарында мемлекет қолдауымен 723 түрлі нысан салынды, деп жазады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«100 мектеп және 100 аурухана», «350 амбулатория» бағдарламалары аясында өңірде 17 аурухана мен емхана, 88 амбулатория мен дәрігерлік пункттер салынған.
Барлығы 136 мектеп пен 42 балабақша, 22 спорт кешені, ауылдарда 204 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 214 кітапханалар ашылған.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды жолдарын қайта жаңғырту, «Алматы-Талдықорған» магистралды газ құбырын салу жобаларын іске асыру аяқталуда.
«Талдықорған» индустриалды аймағы іске қосыла бастады, 41 мектеп салынып, 84 балабақша ашылуда, 390 елді мекенде жолдар жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Талдықорған қаласында биылғы жылы бірқатар нысандар пайдалануға беріліп, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, 300 орынға арналған қалалық көпсалалы аурухана, «Жастар» саябағы, «Қаратал» өзенінің жағалауы сияқты бірқатар үлкен жобалар іске қосылды.