Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ кеңсесінде Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ресей Федерациясындағы бірнеше облыс губернаторларымен кездесті.
«Ресейдің 14 өңірімен, оның ішінде 12 шекаралас облыстар, 34 млн. астам тұрғыны бар Татарстан Республикасы Свердловск облысынан көрмені тамашалауға көптеген туристер келеді деп отырмыз. Бүгінгі меморандумға қол қою Ресей Федерациясының өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтып, Ресейден ЭКСПО-ға келушілер санын арттыруға ықпал етеді деген үміттеміз» — деді өз сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов.
Меморандумның негізгі мақсаты – туристік қызметтің инфрақұрылымын дамыту, ЭКСПО-2017 көрмесіне Ресей Федерациясы облыстарынан келушілерді тарту, баламалы энергия көздерін пайдалану, «жасыл» технология және т.б. салалардағы инвестициялық жобаларды дамыту мен зерттеу.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі тақырыбының өзектілігін ескере отырып, ең алдымен өз пікірі бар, болашақ технологиясына, баламалы энергияны пайдалану бағытына қызығушылық танытып жүрген жандар келеді. Астрахань облысы – желі мен күннің көзі мол өңір. Сондықтан да біз үшін, бұл тақырып әсіресе бизнес пен кәсіби сала мамандарына өте қызықты. Туристер легіне келер болсақ, біз Астананы көріп, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқымыз келеді. Қазіргі таңда логистика мәселесін мейлінше тиімді ету үшін қазақстандық турагенттіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз», — деді қорытынды сөзінде РФ Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин.
Басқосу барысында РФ бірқатар облысының губернаторларымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Айта кету керек, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.