«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына 250 күн қалды, қазірдің өзінде 100-ден астам мемлекет өздерінің көрмеге қатысатындықтарын растады.
Қазіргі уақытты барлық билеттер электронды түрде «tickets.expo2017astana.com» ресми сайтында сатылуда. Билеттер құны жұмыс күндері, демалыс және мейрам күндері әртүрлі, сонымен қатар арнайы күндерге де билеттер қарастырылған.
«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу шеңберінде бағдарламасында түрлі мәдени және думанды шаралары (2017 жыл 10 маусым — Ашылу күні, 2017 жыл 6 шілде – Астана күні, 10 қыркүйек-жабылу күні) бар бірнеше арнайы күндер қарастырылған.
Арнайы күндерге арналған билеттерді сатудың басталғаны туралы қосымша хабарланады.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап көрменің ресми субагенті MARWIN/МЕЛОМАН дүкендер желісінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің билеттерін сату басталды. Электронды блеттерді қолма-қол ақшаға сатып алуға да, қолма-қол ақшасыз банк карточкаларымен есептесу арқылы алуға да болады.
Қазіргі таңда электрондық билеттерді өңірлерде «Қазпочта» ҰК» АҚ бөлімшелері арқылы мамандардың көмегімен сату мәселесі қарастырылуда.
Облыста халық көп баратын сауда-ойын-сауық орталықтарында билеттер сататын арнайы кассалар ашу жұмыстары жүргізілуде (Қаскелең қаласындағы СОСО «МоллАпорт» және Талдықорған қаласындағы «Small» дүкендер желісінде және т.б.). Кассалардың орналасқан орны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Бүгінгі күні билеттің құны жұмыс күндерге 6000 теңге және демалыс күндерде 8000 теңге (2016 жылдың 10 маусымынан 10 шілдесіне дейін билеттердің құны 2 мыңнан 4 мың теңгеге дейін сатылған).
Аталған мәселе бойынша толық ақпаратты tickets.expo2017astana.com сайтынан алуға болады.