Оңтүстік Қазақстан облысында ІІД ЖПҚ бастамасымен «Нөлдік төзімділік» акциясы өтті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Акцияға Оңтүстік Қазақстан облыстық Жергілікті полиция қызметкерлерімен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, прокуратура органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының және қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты. 3 күндік жұмыстың нәтижесінде барлығы 2703 әкімшілік құқық бұзушылықтың орын алған.
Аталған акцияға Жергілікті полицияның 1300-ден астам қызметкері жұмылдырылып, олардың 3 күндік жұмыстарының нәтижесінде барлығы 2703 әкімшілік құқық бұзушылықтың орын алғандығы, оның ішінде тыныштықты бұзған 53 азаматқа, қала және елдi мекендердің аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзғаны үшін 254 азаматқа, спирттік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 216 азаматқа, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 342 азаматқа, кәмелетке толмағандардың түн мезгілінде заңды өкілінсіз бей-берекет жүруіне жол берген 164 азаматқа және ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 527 жүргізушіге, белгіленген жылдамдықты асырып көлік басқарған 78 азаматқа, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 577 адамға, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 16 азаматқа, спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарған 31 азаматқа, белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен 66 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік шара қолданылды.
Сондай-ақ акция аясында облыста 56 дөңгелек үстел, 8 брифинг, 18 семинар өткізілді. Білім беру ұйымдарында құқықтық тақырыпта 188 дәріс оқылып, 131 халықпен кездесу өтті.
Жергілікті полиция қызметкерлері, азаматтардың құқықтық танымын кеңейту, құқықтық мәдениетін арттыру және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтуде.