Талдықорған қаласындағы М. Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде ерекше көрме өтуде. Күздің күрең күндерінде жаздың жарқын түстерін еске түсіретін тропикалық көбелектер көрсетілімі жүріп жатыр.
Көрменің ерекшелігі сол, жеңілқанатты жәндік көрмеге келушілер арасында еркін ұшып, тіпті иықтарына да қонуда. Көбелектерді ұстап көруге, суретке түсіруге, тіпті тамақтандыруға да болады. Сонымен қатар көрмеде көбелектің қуыршағынан қалай кішкене көбелектің пайда болатынын да көруге болды.
Көрмеге Оңтүстік Американы, Индияны, Финляндияны, Галапагосты, Азия елдерін мекендейтін көбелектер әкелінген.