2016 жылғы 6 қазан күні дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде жасөспірімдер арасында бағдарламалаудан олимпиада өткізілді. Олимпиадада 30 оқушы бақ сынасты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Фридкин Даниил, Ходацкий Богдан, Высоцкая Валерия, Кошкарбаев Никита жеңіп алды.
ІІ орынға Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Ертаев Ансар, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушы Измаилов Али ие болды.
ІІІ орынды Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Сарбупеев Сулейман, дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Сембекова Дильназ, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Тулегенов Айдархан иеленді.
Кұрмет грамотасымен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Ондрис Бибисара, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 7 сынып оқушылары Абихас Алимхан және Хасанов Рустем, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Енсебек Мадияр марапатталды.