Домой Жаңалықтар Білім Сағадиев мектеп психологтарының айлығын көтермек

Сағадиев мектеп психологтарының айлығын көтермек

Сағадиев мектеп психологтарының айлығын көтермек

muha3805Білім және ғылым министрлігі мектеп психологтарының жалақысын көтеру мәселесі қарастыруда. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан әлі де көптеген проблема бар. Қазіргі уақытта айлықтары аз болғандықтан психологтар мен әлеуметтік педагогтар мектептерде жиі ауысады. Мектептерді психологтармен қамтамасыз ету орта есеппен 98 пайызды, әлеуметтік педагогтар 80 пайызды құрайды. Жалпы психологтар бар, бірақ, олардың айлықтарының көлемін қарастыру керек. Осыған орай тиісті ұсыныстарды дайындап отырмыз, содан кейін енгізетін боламыз», — деді министр.

Сонымен қатар ол мектептерде полиция инспекторлары жетіспейдтіндігін, олар тек 46 пайызға қамтылғандығын атап өтті.

«Қалыптасқан проблеманы шешу үшін бір инспектор бірнеше мектепке бекітілген күннің өзінде, олар мектептерге барып жұмыстарын жасап, министрлікке қосымша есеп беруі қажет деп санаймыз. Біз мәселені ары қарай Ішкі істер министрлігімен бірге қарастыратын боламыз», — делді Сағадиев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here