Домой Қоғам Астана Елордалық дәрігерлер тұмуға қарсы вакцина жасауға шақырады

Елордалық дәрігерлер тұмуға қарсы вакцина жасауға шақырады

Елордалық дәрігерлер тұмуға қарсы вакцина жасауға шақырады

c-1Жыл сайын күн суығанда тыныс алу жолдарының вирусты инфекцияларына шалдыққан адамдар саны артады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы екпе жасату болып табылады. Иммундау үшін ең қолайлы кезең — қазан-қараша айлары.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі заманғы вакциналар аса тиімді, қауіпсіз және алты айдан асқан балалар мен ересектер арасында тұмаудың алдын алуға бағытталған. Иммунитетті күшейтуге 2 күннен 7-15 күнге дейін уақыт қажет және ол 6 айдан 12 айға дейін сақталады.

Вакциналау тұмауға жатпайтын басқа вирустық инфекцияға қарсы қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ вакцинация аурудың өте жеңіл түрде өтуіне сеп болады және оның асқынуына жол бермейді.

Тұмауға қарсы вакциналау екпенің Ұлттық күнтізбесіне жатпайды, оны ақылы екпе жасау пунктерінде салғызуға болады. Атап айтқанда, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 қалалық емханаларда, сондай-ақ «Интертич» ОДА (Кенесары, 1), «Медлайн» МО (Күмісбеков к-сі, 8), «Медикер» МО (Қабанбай батыр даңғ., 17), «Ореn Clinik» МО (Отырар к-сі, 8/2), «Фармаком» ҚФК ЖШС (Майлин к-сі, 15), «Интертич Астана Медициналық Ассистанс» МО (Мәскеу к-сі, 38 А), «Медикал Ассистанс групп» ЖШС (Сығанақ к-сі, 21/1), «Архимедес Қазақстан» ЖШС (Сарайшық к-сі, 5).

Айта кетейік, биыл Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына екпе жасау үшін тұмауға қарсы «Гриппол» вакцинасының 15055 мөлшері сатып алынды. Екпе Балалар үйінің, нәрестелер үйінің тәрбиеленушілеріне, Мүгедектер үйіндегі тұлғалар мен соғыс ардагерлеріне, сондай-ақ, «тәуекел топқа» жататын балаларға, екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге салынады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here