Домой Қоғам Астана Елордада әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Елордада әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Елордада әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

14519768_1080422722074066_2565219251555775045_nҚазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік жұмыскер күні аталып өтіледі. Мереке қарсаңында «Жастар» сарайында аталған мамандық иелерін құттықтау салтанаты өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «Жүректен шыққан жылы леп!» атты концертте мүмкіндігі шектеулі жандар, елорда әкімдігінің Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды.

Шара барысында қала басшысының орынбасары Андрей Лукин әлеуметтік жұмыскерлерді құттықтап, марапаттады. Оның айтуынша, мұқтаж жандарға жылу сыйлап, мейірімділікпен қарайтын адамдар көп.

— Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созатын үкіметтік емес, қоғамдық қызметкерлерді құттықтап отырмыз. Біздің қала тұруға жайлы әрі қолайлы. Әкімдік адамдардың бір-бірімен тең екендігін сезінуі үшін тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Елорда бюджетінің үштен бірі азаматтарымыздың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталғанын айта кеткенім жөн. Біз мұқтаж жандардың барлығына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлуге тырысамыз, — деді Андрей Лукин.

Оның айтуынша, биыл Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету орталығы мен күрделі жөндеуден кейін Балалар психоневрологиялық диспансері ашылды. Сонымен қатар, психоневрологиялық диспансерде ересектерге арналған корпусты қалпына келтіру және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қатаркөлде қарттарға, мүгедектерге, мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығы жұмыс істейді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әртістер баршаны қазан айындағы мерекелермен (Мүгедектер күні, Қарттар күні, Әлеуметтік жұмыскер күні) құттықтап, назарларына музыкалық бағдарлама ұсынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here