Жуырда Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында 180 орынды жаңа балабақша ашылды. Бұл жаңа нысанды кәсіпкер Қайрат пен Ләззат Раевтар салды.
Балабақшаның ашылуымен аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев құттықтап, кәсіпкерлерге алғыс айтты. Жаңа мекемеде ауданның балалары сапалы білім мен тәрбие алатынына сенім білдірді.
Екі қабатты «Алтын ұя» балабақшасы заманауи талаптарға сай, қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Кәсіпкерлер бұл нысанның құрылысына 173 млн. теңге жұмсаған. Жаңа балабақша жаркенттік балаларға сый болды.
Сиздерден отиниш мени жумыска алуларынызды сураймын