Домой Қоғам Алматы Алматы облысында Балқаш көлін құтқару жұмыстары жалғасуда

Алматы облысында Балқаш көлін құтқару жұмыстары жалғасуда

Алматы облысында Балқаш көлін құтқару жұмыстары жалғасуда

c811e3b3c4d5d07ada51613a9281f4fdАлматы облысы әкімі Амандық Баталов Қаратал өзенінің арналарын бақылау үшін тікұшақпен аралап көрді. Жаңа дренаждық каналдың құрылысы аумағында болып, өзеннің Балқаш көліне құятын арналарын тазартудың гидротехникалық шараларының жүргізілу барысы туралы мамандармен әңгімелесті.

Балқашқа құятын арнасын қалпына келтіру жұмыстары облыс әкімінің бастамасымен осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. Ол кезде мәселе ғаламдық деңгейге көтерілу қаупінің алдында тұрған еді. Көктем кезіндегі судың молаюының салдарынан қалыптасқан бөгет өзен арнасының көзін мүлде жауып тастайтын. Су өзенге жетпей жайылып, ауыл шаруашылығы жерлерін сазға айналдыратын. Бұл жағдайдың салдарынан жақын маңдағы ауылдарға бірнеше мәрте су жайылу қаупі де туды. Оған қоса балық аулау саласына да зиянын тигізді. Қамыстың түбінде өлген балықтар жататын. Жергілікті шаруашылықтар бұрынғыдай балық аулаудан қалған-тын. Ал Балқаш көлінің өзі күн санап құрғап бара жатты. Жағдай жедел шараларды қолға алуды қажет етті. Сондықтан облыс басшысының тапсырмасына сәйкес ең алдымен «Қаратал» мелиоративті отряды құрылып, арнайы техникамен жарақтандырылды. Осы шаралар үшін облыстық бюджеттен 200 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Қаратал» МО директоры Бақберген Мадибековтің хабарлауынша, 4 айдан астам уақыттың ішінде мамандар ұзындығы үш жүз метр болатын бөгетті жойып, ені 20 метрлік 13 шақырым каналды құм мен батпақ ішінен аршып, қазып шықты. 10 мың гектарлық жайылымдық жер құрғатылып, айналымға енгізілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде суы мол өзен көлге барып құятын болды, сондай-ақ балық шаруашылығы қайта жанданды. Балқаш көліне ақбалық қайта оралды. Ал Қараталда қазір бекіре балығын аулайды. Мамандар мұны Балқаштың құтқарылуы деп атады.

Бүгінгі күні «Қаратал» мамандандырылған отрядының қызметкерлері ұзындығы 6,5 метр болатын екінші дренаждық каналды қазу үстінде. Бұл жұмысқа жаңа жоғары технологиялы техника тартылған. «Вотер мастер» деп аталатын бұл техника 5 операцияны бір мезгілде орындап, тұтас бір автопарктің күшін алмастыра алады. Жүзетін машина бес метр тереңдікте жұмыс істей алады, бөгеттерді алып тастайды, канал түбін тереңдетеді, арнаны кеңейтеді, тіпті діңгек те қаға алады.

Мамандардың айтуынша, қабылданған шаралар Балқаш көлінің тағдырына оң әсер етті. Енді көлдің саяздану қаупі сейілді. Бірақ Балқашты және тұтас экожүйені құтқару жұмыстары жалғаса бермек.

— Екі канал жасап, дамбаның құрылысын жүргізу атқарылатын жұмыстың кішкентай бөлшегі ғана. Бұл бір күндік жұмыс емес. Арнаны тазалау жүйелі сипат алып, оны тұрақты түрде жүргізуіміз керек. Жаңа су шаруашылығы бағдарламасы да қабылданатын болады. Жетісудың өзендері бұл бағдарламаның  негізгі нысаны болмақ. Аталған жұмысқа қазірден кірісуіміз керек, — деді облыс әкімі Амандық Баталов қорытынды сөзінде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here