Талдықорғанда экзотикалық көбелектердің көрмесі өтіп жатыр. Жұрт назарына сұлу қанатты жәндіктердің 20-дан астам түрі ұсынылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Кейбір көбелектердің жайылған қанатының ұзындығы 30 сантиметрге дейін жетеді. Көрмені дағыстандық азаматтар ұйымдастырды. 23 қазанға дейін жалғасады. Және көбелектер көрмесі еліміздің өзге де қалаларында өтеді деп жоспарлануда.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл әдемі жәндіктер қысқа ғұмыр кешсе де, айналасына тамаша әсер қалдырады. Ылғалды және жылуды сүйеді. Түрлі жеміс шырынымен қоректенеді.