Домой Қоғам Алматы Сайын Мұратбековті еске алу кеші өтті

Сайын Мұратбековті еске алу кеші өтті

Сайын Мұратбековті еске алу кеші өтті

4352ae55ec2fac965ba9ff58af20f0b6Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтің туғанына 80 жыл толуына орай Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «С. Мұратбеков прозасы – алтын ғасыр әдебиетінің маржаны» атты еске алу кеші өтті. Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастаған бір топ әдебиет қайраткерлері қатысты.

Жиын «Жетісу» телеарнасы дайындаған жазушы туралы фильм көрсетуден басталды.

Мерейтойға жиналған қауымды облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов құттықтады.

— Сайын Мұратбеков осы өлкеде туып – өсіп, қалың қазақтың ортақ мақтанышына айналған жазушы. Елін, жерін сүйіп, аялай білген азаматқа деген халқының пейілі, ықыласы ерекше. Бүгін ортамызда өзі болмаса да, жазған еңбектері қазақ әдебиетінің алтын қорында сақталып, жастарға үлгі-өнеге болып қалары анық. Халқымыздың өшпес өнерін насихаттайтын, кейінгі жастарға тағылым болатын осындай шараларымыз жалғаса берсін! Ағамыздың ұрпақтарына құт-береке, ырыс пен бақыт, барша жетісулықтарға табыс, берекелі өмір  тілеймін! – деді Л. Тұрлашов өз сөзінде.

Мұнан кейін Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Оразалин жазушының болмысы, мінезі, тазалығы, таланты туралы ерекше тебірене сөйледі. Сайын Мұратбековке алдындағы аға буыны салмақты баға берген, әңгіме жанрындағы шеберлігіне тәнті болғаннан «қазақтың Чеховы» деп атаған сәттерін де сүйсіне еске алып, қазақ прозасына құбылыс болып келген жазушының мұрасы мәңгілік екенін қадап айтты.

Сондай-ақ еске алу кешінде жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Ахметжан Ашири, Кәдірбек Сегізбайұлы және т.б. қаламгерлер сөз алып, Сайын ағаның шығармашылық белестері туралы әңгімеледі.

Жиын соңында театрландырылған көрініс сахналанып, Сүйінбай атындағы облыстық филармония әртістерінің мерейтойға арналған концерті көрсетілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here