Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да жылу беру маусымына дайындық барысы қатаң бақылауда

ОҚО-да жылу беру маусымына дайындық барысы қатаң бақылауда

ОҚО-да жылу беру маусымына дайындық барысы қатаң бақылауда

60ОҚО-да бюджеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлер жылу маусымына дайын. Бұл туралы бүгін 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым хабарлады. Сондай-ақ, баспасөз жиынына аталған басқарманың бөлім басшысы Батырша Маханов пен Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Талғат Қасымбеков қатысты, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, ОҚО-да 13 қазан күні ауа-райының күрт төмендеуіне байланысты облыстық әкімдікте селекторлық мәжіліс өткізіліп, бюджеттік мекемелерге жылу беруге нақты тапсырмалар берілген. Нәтижесінде, бүгін, яғни, 14 қазаннан бастап білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы бюджеттік мекемелерге жылу беріле бастады.

 «Шымкент қаласы бойынша «3-Энергоорталық» АҚ-мында 74 МВт электр қуатын өндіруде. Жылу құбырларына су толтырыла бастады. Станция жылу беруге дайын. Қаладағы қалған жылу құбырларының жөндеу жұмыстары 20.10.2016ж. дейін толық аяқталады. Жалпы жылу беру маусымына дайындық барысы бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда», — деді М.Марайым.

Баспасөз жиынында спикерлер бүгінгі жағдай бойынша, облыста 1510 білім, 951 денсаулық сақтау, 811 әлеуметтік бюджеттік мекемелері маусымға толық дайындалғанын және қажетті 170,2 мың тонна қатты отын, 9,2 млн. литр сұйық отынмен қамтамасыз етілгенін хабарлады.

«Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көпқабатты тұрғын үйлерден дайындалғаны 2242 (98%). Қалған тек Шымкент қаласындағы 36 үй 15 қазанға толық дайындалады», — деді Т.Қасымбеков.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here