Талдықорған медициналық колледжіне 80 жыл толуына орай облыс орталығындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Колледж ұжымын мерейлі мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтады.
Б. Өнербаев оқу ордасының үздік қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.
Осы мерейлі датамен жиналған қауымды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі Ұлмира Нұрғалиева да құттықтап, тілегін білдірді.
Мерекенің соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.