Астанада Есіл өзенімен навигация маусымы аяқталды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Есіл-Астана» ҚКҚК ақпараты бойынша, жазғы маусымда кәсіпорын 20 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл ретте 5 жолаушы теплоходы қатынады.
Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2 млн. 977 мың теңгеге теплоходтар жалға берілді.
Өзенмен серуендеу маусымын 2017 жылғы мамырдың ортасында бастау жоспарланып отыр.