Астана әкімдігі және «Назарбаев Университеті» елорданы дамыту бойынша бірлескен бағдарламалар әзірлеумен айналысатын бірлескен жұмыс тобын құрады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұл бағыттағы ықпалдастық мәселелерін бүгін Әсет Исекешев пен ЖОО президенті Шигео Катсу талқылады. Атап айтқанда, тараптар «Назарбаев Университетінің» оқытушылары, ғалымдары мен мамандарын тарта отырып, медициналық кластерді бірлесіп дамыту, мамандар даярлау, СМАРТ-Сити және өзге де маңызды мәселелер бойынша келісімге келді.