Мектептерде әр-түрлі жағдайларды сылтау етіп, оқушылардан ақша жинау даулы мәселеге айналғаны белгілі. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Вaq.kz.
Ал осы мәселе турасында Астана әкімі Әсет Исекешев Facebook-тегі жеке парақшасында: «Мектептерде ақша жинау мәселесіне қатысты арнайы комиссия жұмысын бастады. Кез келген жағдай жіті назарға алынатын болады. Біз бұл мәселені тексереміз. Даулы мәселе төңірегінде кез келген тұрғынмен кездесіп, пікірлесеміз. Қалада қанша мектеп болса, соның барлығы бақылауда болады», — деп жазды.
Кез келген ата-ана білім басқармаларының сайтына кіріп, қажетті ақпаратты ала алады.
Мектепте ақша жиналып жатқандығынан хабардар бола қалсаңыз, Астана қаласы бойынша мына сенім телефондарына хабарласуға болады: 55-01-62, 87782550162