Алматы облысының кәсіпкерлері «Даму» қорының қызметкерлерімен бірлесіп Талдықорғандағы «Жастар» саябағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 түп емен отырғызды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Бизнес аллеясы» акциясына «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы негізінде мемлекеттік қолдауға ие болған Start-up кәсіпкерлері қатысты. Олардың барлығы да – «Даму» қорының клиенттері. Олардың арасында балаларды жан-жақты дамыту орталығын ашқан «Долженко Ирина Анатлоьевна» ЖК, фитнес-орталық ашқан «Черноиванова Ирина Игорьевна», сол сияқты «Белгібаева Дина» ЖК, «Арлен» балабақшасы» және «Микронет» ЖШС-лары бар.
Кәсіпкерлер мен қор мамандары Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жалпыхалықтың мереке деп есептейді. Сондықтан бұл айтулы мерекеге әрбір азамат үлес қосуға талпынады.
— Бұл — мерейтойға деген біздің ортақ сыйымыз. Біз жетісулық кәсіпкерлермен бірлесіп, Тәуелсіз Қазақстанның өзінде мықты 25 түп емен отырғыздық. Бұл ауқымды акция біздің шағын шаһарымызды көркейтуге қосқан үлесіміз болсын, — деді «Даму» қорының аймақтық филиалының директоры Бақыт Мұсаев.
Жалпы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Талдықорған – бақ қала» акциясының жалғасы ретінде облыс орталығында тағы 250 000 ағаш көшеттері отырғызылатын болады.