Домой Қоғам ОҚО Арыс ауданының диқандары жанармайдан таршылық көрді

Арыс ауданының диқандары жанармайдан таршылық көрді

0

Осыдан бір ай бұрын егінге орақ салған шаруалар Үкіметтің төмен бағаға белгілеген майын ала алмай келеді. Олар облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласқан.

Ондағылар: «Зауытқа тапсырма берілді, жеңілдетілген жанармай аласыздар», – деп айтқан. Алайда операторлар: «Бізге ондай пәрмен түспеді», – деп майды 87-88 теңгеден саудалап отыр.

Амалдың жоқтығынан еңбекші қауым қымбат жанармайды алып, бидайларын шауып жатыр. Өйткені жуық арада орақты аяқтамаса, масақтан бидай бөлініп түсіп, шаруаларды шығынға батырады.

Құрлысбек Әбидинов, диқан

-Біз енді жеңілдетілген жанармайды 83-84 теңгеден алуымыз керек еді. Бірақ облыстық жанармай бөлетін жерден 89-90 теңгеден қалтамыздан төлеп алып, осы уақытқа дейін 40 тоннаға дейін сатып алдық. Созып жатқанына қарап отыратын болсақ, тез оралмайтын болсақ, тағы да ысырап болады. Үкіметтің беретін жәрдемін осы уақытқа дейін күтіп отырғанымыз сәл дұрыс болмай жатыр.

Ал Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері атамыш дизель тапшылығынан мүлде хабарсыз отырған көрінеді.

«Бізге ондай ақпарат түспеді», – деген мамандар келесі дерекпен бөлісті.

Республика бойынша далалық жұмыстарға кепілді түрде бөлінуге тиіс жанармайдың көлемі 390 мың тоннаны құрайды. Соның 39 мыңы Оңтүстіктің диқандарына арналған.

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары

-Бөлінген 39 мың тоннаның 40 пайызы тауар өндірушілерге бөлініп берілді. Егін орағы жүріп жатыр. Қалған жанар-жағармайдың көлемі қыркүйек айына мақта дақылын жинауға жоспарланып отыр.

khabar.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here