ОҚО 3 айға 39 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, ешқандай жетіспеушілік жоқ, кезегімен таратылып жатыр.
Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары:
-Қазіргі таңда осы шілде айы үшін берілген көлемдер алынып жатыр. Барлық аудан, ауылдарға жеткізілген. Қазір 3,2 мың тонна толық таратылып берілді, осы айға берілген. 8,3 мың тоннаға қаржы төленіп, операторлардың қоймаларына толық түсті.