Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да ең үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімдері анықталды

ОҚО-да ең үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімдері анықталды

ОҚО-да ең үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімдері анықталды

20161022035421Оңтүстік Қазақстан Мақтарал ауданында «Ең үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі -2016» атты конкурс өтті. Аталмыш шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Конкурсқа өзге тілде сыныптарда оқып жүрген балаларға сабақ беретін ұстаздар қатысты.

Конкурстың әділқазылар алқасының мүшелері ұстаздардың кәсіби біліктіліктерін, өздерін аудиторияда ұстай білу ерекшеліктерін, портфолио, оқу процесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалана білу қабілеттерін бағалады.

Бірінші орынды әл-Фараби атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нәсиба Қаландарова жеңіп алса, екінші орын М.Горкьий атындағы №1 мектеп-гимназиясының ұстазы Айнұр Холбаеваға бұйырды, үшінші орынға «Мырзакент» мектебінен келген мұғалім Ғалия Төреқұлова тұрақтады.

Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here