Домой Қоғам Алматы Талдықорғанда Орта Азия мемлекеттері театрларының халықаралық фестивалі өтеді

Талдықорғанда Орта Азия мемлекеттері театрларының халықаралық фестивалі өтеді

Талдықорғанда Орта Азия мемлекеттері театрларының халықаралық фестивалі өтеді

x78299d20140319134025Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен биылғы жылдың 24-27 қазаны аралығында «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VI Орта Азия мемлекеттері театрларының халықаралық фестивалі өтеді. Фестивальға Татарстанның Т.А. Минуллин атындағы татар драма театры, Қырғызстанның Т. Әбдімомынов атындағы Ұлттық академиялық театры, Алматы қаласының Бәйтен Омаров атындағы театры, еліміздің Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Астаналық Жастар театры мен Б. Римова атындағы Алматы облыстық драма театрлары қатысады.

Фестивальдың ашылу салтанаты 2016 жылғы 24 қазанда Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында басталады.

Шара одан әрі Б. Римова атындағы облыстық драма театрында жалғасын табады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here