Домой Жаңалықтар Білім ОҚО әкімі құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарымен танысты

ОҚО әкімі құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарымен танысты

ОҚО әкімі құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарымен танысты
98d51cbc-646e-4784-9a8f-14eac758a778ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Ең алдымен, аймақ басшысы «Ақжайық» шағын ауданындағы №59 жалпы орта мектептің қосымша құрылысын аралап көрді. 600 орындық білім ошағы жоспар бойынша 2017 жылы пайдалануға беріледі. Мұнан соң, Жансейіт Қансейітұлы бастаған жұмысшы топ «Қайнар-бұлақ» саяжайындағы 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты.
Нысанның сапасын қадағалаған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, онда қолданылатын құрылыс заттарының баланың денсаулығына зиянсыз болуы қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, әкім өңірімізде әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарына кәсіпкерлерді көптеп тартып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керектігіне тоқталды. Жекеменшік ғимараттары бар азаматтарға «Балапан» бағдарламасының екінші деңгейі бойынша шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік жасау керектігін айтты.
Айта кету керек, облыс бойынша 63 мектептің іргетасы қалануда. Оның 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысандардың басым бөлігі, Сайрам, Шымкент, Мақтарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде. Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында бес мектептің құрылысы жүруде. Оның төртеуі 1200 орындық білім ошағы болса, біреуі 600 балаға шақталған жалпы мектеп болып табылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here